• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысында құны 420 млн теңге болатын Таушық-Жыңғылды газ құбырын төсеу басталды

Маңғыстау облысында құны 420 млн теңге болатын Таушық-Жыңғылды газ құбырын төсеу басталды

10 Шілде, 2015 18:59
Маңғыстау облысында құны 420 млн теңге болатын Таушық-Жыңғылды газ құбырын төсеу басталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Алик Айдарбаев Шетпе-Қызан автокөлік жолы құрылысының барысымен танысты. 

Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында Маңғыстау облысы көлемінде бірінші рет  ауыл ішіндегі жолдарды асфальттау басталды.

Жыңғылды ауылы тұрғындарын газбен қамту мәселелерін шешу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық жобасын жүзеге асырылуда, оның аясында құны 420 млн теңгені құрайтын Таушық-Жыңғылды газ құбырын төсеу жүзеге асырылуда. 

Маңғыстау ауданындағы Шайыр ауылында ұзындығы 5 км құны 216 млн теңге асфальт жолының құрылысы басталды  Шайыр-Жыңғылды автожолын асфальттауға жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Шайыр ауылынан Теген елді мекеніне дейінгі автожол құрылысына 100 млн теңге бөлінген. 

Сондай-ақ, хабарда Шайыр ауылында ардагерлер үйінің жаңа ғимаратының ашылуына байланысты ондағы ақсақалдар қоныс тойын тойлағаны айтылған. Оның құрылысына 3,8 млн теңге жұмсалған.   

Барлық жаңалықтар