Жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болады - ҚР ҰЭМ

10 Шілде, 2015 18:24
ҚР ЭҰМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тұтынушыларға жылу құнын қайта есептеуді жүргізеді.

«Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жылуға арналған тариф, оның ішінде «көше» температурасы болжамының негізінде жылудың жоспарланған көлемінен шыға келе қалыптастырылатынына байланысты», - деп хабарлады ведомство.

Өткен жылыту кезеңі үшін (2014 - 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі «жылы» қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.

Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға  963,5 млн. теңге сомасында ақшалай сома қайтарылады: 

Тұтынушылар өз тұрғын үйі алаңының жалпы көлемін м2 үшін жылу құнына (3-бағанның деректері) көбейту арқылы өз бетінше есептей алады.

Мысалы, Ақмола облысында алаңы 52 ш.м. пәтер иесіне шамамен    750 теңге (52 х 14.3 = 743,6) қайтарылатын болады. 

Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының басында жүзеге асырылады. Әрбір тұтынушы өзінің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы «көретін болады».

Барлық жаңалықтар