• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай өрт сөндірушілері «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша пәтер алды

Қостанай өрт сөндірушілері «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша пәтер алды

10 Шілде, 2015 11:39
Жаңа «Әуежай» ықшам ауданынан Қостанай қарсы өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері жаңа пәтерлердің кілтін алды, деп хабарлады ТЖД.

«Біз екі бөлмелі үйді жарты жыл ішінде алдық, біздің екі баламыз бар, ұлым мен қызым, біз бұрын ата-аналарымызбен және кіші ініммен тұрдық, енді жаңа пәтеріме заттарымды әкелуді жоспарлап отырмын»-деді  1 – өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі өртке қарсы қызмет сержанты  Михаил Раба.

Сондай ақ пәтер кілттерін «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт - сынақ зертханасы бастығы өртке қарсы қызмет капитаны Асхат Кущегулов, 1 – өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өртке қарсы қызмет кіші сержанттары  Шахшин Бахытбек пен     Жакешов Дастандар алды. 

Жаңа үйде пәтер иелерінің барларына газ бен жарық бірден қосылуда. Жылудың температуралық режимін әркім өзіне қолайлы қылып қоса алады, есептегіш пәтер ішінде орнатылған. 

«Әуежай» ықшам ауданының болашағы зор, көпқабатты үйлер  мен мектеп т.б. әлеуметтік объектілер тұрғызылмақ.

Айта кету керек, өрт сөндіру қызметі басшылығы жаңадан келген мамандарға баспана бөлу жөнінде өтініш білдірген болатын. Оған дейін ММ қызметкерлерімен  «Қолжетімді тұрғын үй-2020» «Жас отбасы» санаты бойынша Мемлекеттік бағдарламасының барлығы жөнінде әңгіме жүргізілді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар