• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында жарылғыш-өрт қауіпті нысанда өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуы өтті (Фото)

Павлодар облысында жарылғыш-өрт қауіпті нысанда өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуы өтті (Фото)

10 Шілде, 2015 20:26
«Гелиос» ЖШС Павлодар филиалының аумағында өрт сөндіру-тактикалық оқу өткізілді. «Гелиос» ЖШС Павлодар филиалының мұнай өнімдерінің қоймасы. Мұнай базасы түрлі маркадағы мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және жіберу үшін арналған, деп хабарлады ҚР ТЖК.

Автокөлік және теміржол көлігінде қабылдауды және жіберуді тәулік бойы жүзеге асырады. «Гелиос» ЖШС ПФ балансында жеке темір жол жолы бар, ұзындығы 1468 м, «Павлодар-Северный» станциясы қызмет көрсетеді.

«2011 жылдан бастап «Гелиос» ЖШС ПФ мұнай базасында көшпелі техникамен және тәулік бойы кезекшілігімен өртке қарсы қызметі құрылған. Өрт сөндіру бекетінің бастығы Павлодар облысының өртке қарсы қызмет органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Талғат Резуанов Дюкенев болып табылады», - делінген хабарламада.

Оның бастамасы бойынша объектіде өрттерді сөндірумен және авариялық жағдайларды жоюмен байланысты жұмыстарды орындау үшін арналған ерікті өрт сөндірушілер жасағы және ерікті авариялық-құтқару құрылымдары құрылған.

Оқудың мақсаты - өнеркәсіп объектілеріндегі ірі масштабты өрттерді сөндіру кезінде Павлодар қаласында орналасқан гарнизонның өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамында тәжірибе дағдыларымен жұмыс жасау.

Сонымен қоса, өнеркәсіп объектілеріндегі өрттерді сөндіру кезінде бөлімшелерді басқарудағы басшы құрамды жаттықтыру, бөлімшелерді басқаруда өртті сөндірудегі жедел штабтың әрекеттерімен және мұнай базасы ұжымының Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және АҚЖҚ бөлімшелерімен өзара әреттесу бойынша жұмыс жасау оқу барысында қарастырылған.

Өрт сөндіру-тактикалық оқуды өткізуге Павлодар қаласының облыстық орталығында орналасқан өрт сөндіру гарнизонының басшы құрамы тартылады. Сонымен қоса, бақылаушылар ретінде өртке қарсы қызметтің жас қызметкерлері қатысты.

Оқу-жаттығу басталмас бұрын кәсіпорынның өрт сөндіру бекеті мамандарының күшімен тұрғызылған және өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыруға арналған оқу мұнарасының ошылуы орын алды. Оқу мұнарасын барлық талаптарға және өрт дайындығының шараларына сәйкес келеді.

Жоспарға сәйкес резервуар айнасының ашық жануы орын алады. Өрттің көлемі 200 шаршы метрді құрайды. Әкімшілік өрт күзетінің бекетіне хабарлайды және өртке қарсы қызметті шақыртады, сораптарды қосады. Оқиға орнына келіп жеткен өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нұсқаулығын ұйымдастырады.

Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының диспетчері шақырту бойынша өрт орнына күштер мен құралдарды жолдайды, басшы құрамды құлақтандырып, жеке құрамның жиналуын және қосымша техниканың әскери есебін қоюды ұйымдастырады.

Оқуға жеке құрамның 24 адамы және техниканың 8 бірлігі. Өрт сөндіру-тактикалық оқудың нәтижесін Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Ә.Ә.Длимов қорытындылады.

Барлық жаңалықтар