ҚР-да 212,1 млрд теңгенің 29 698 нысаны мен құнды қағаздары жария етілді

10 Шілде, 2015 11:07
Мүліктерді жекешелендіру жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 368,9 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 39 004 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Аталып өткендей,  сомасы 263,7 млрд. теңгеге 32 286  тұрғын үй нысаны,сомасы 100,3 млрд. теңгеге 16 785 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 69,6 млрд.теңгеге 4 193 коммерциялық нысан, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 212,1 млрд. теңгеге 29 698 нысан  жария етілді.

Мүліктерді жекешелендіру бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жекешелендіру бойынша  өтініш келіп түсті.

 ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 07.07.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 72,3 млрд.теңге ақшаны жария етуге 136 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,8 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 28,4  млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 35,3 млрд. теңге.

08.07.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 2,9 млрд.теңге түсті.

Барлық жаңалықтар