• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО өрт сөндірушілері «Ледокол» авариялық-құтқару кемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді (Фото)

ШҚО өрт сөндірушілері «Ледокол» авариялық-құтқару кемесінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді (Фото)

10 Шілде, 2015 10:36
Қазаға ұшырамау және шығын болдырмау үшін, ШҚО-да ірі авариялық-құтқару кемесі бар, ол өртті өшіруге және адамдарды құтқаруға арналған, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жаттығу мақсатында үнемі аймақтың суқоймасында тактикалық оқу-жаттығулар өткізіп тұрады. Ондағы жағдайлар шындыққа ұқсастырып жасалады. Сондай «шартты» түрдегі өрт жуықта Ертіс өзенінде орын алды. Қысқа тұйықталу нәтижесінде сүйрету кемесінің ішінде өрт шығады. Команда өртті көріп, тез арада  «101» қоңырау шалады, бірақ қатты жел салдарынан өрт жағадағы құрылыстарға тарап кетеді.

Біраз уақыттан кейін №4-ӨСБ мен мамандандырылған жасақ  жауынгерлері  оқиға орнына келіп жетті. Құтқарушылар моторлы қайықпен судағы зардап шегушілерді құтқаруға кетті, ал өрт сөндірушілер «Ледокол» кемесіне кіріп, алдын ала жанып жатқан нысанға жақындағанға дейін жауынгерлік өрт сөндіру аспаптарын даярлай бастады.  Өртті сөндірмес бұрын кеменің капитаны сәулелі энергиядан қорғау мақсатында жерды суландыруды өшіріп тастады. Содан соң барып, №4-ӨСБ бөлімшесі жанып жатқан кемеге суды лафетті үш бағаннан беріп, өшіре бастады. Осы уақытта құтқарушылар тобы судағы зардап шегушілерге көмек көрсетті. Дәрігер оларға алғашқы жедел көмек көрсетті. Өртті оқшаулағаннан кейін зардап шеккен кемені жағаға сүйреп шығарды.

«Ледокол-2» кемесі үш өрт сөндіру сорғыштарымен жабдықталған. Онда 4 лафетті қондырғы бар. Кемені жағадағы өрттерді сөндіру мақсатында сорғы стансасы ретінде қолдануға болады. Кеме қалыңдығы 80 см мұзды жарып жүре алады.  Бүгінгі күні ол Ертіс суқоймасындағы ең ірі авариялық-құтқару кемесі, оның су сыйымдылығы 255 тонна болады.

Барлық жаңалықтар