• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: «Проммашкомплект» зауытының қуаты ҚР темір жол саласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандырды (ФОТО)

ИИДМБ: «Проммашкомплект» зауытының қуаты ҚР темір жол саласының барлық қажеттіліктерін қанағаттандырды (ФОТО)

10 Шілде, 2015 10:21
«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - импортты алмастырушы топжарғыш жоба: бұрындары темір жолға арналған тауарлар Украина мен Ресейден жеткізілетін, қазір біз темір жол саласының барлық қажеттіліктерін біздің зауыттың қуаты арқылы қамтамасыз етіп отырмыз, деді «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Артур Хачатурян Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Проммашкомплект» бағдар бұру құрылғысы мен темір жол көліктерінің дөңгелектерін жасаушы қазақстандық зауыт, ол 2010 жылы ҮИИДМБ-ның аясында іске қосылған. Өндіріс қуаты 1 мың бағыт бұру құрылғысы мен 75 мың темір жол дөңгелектерін шығаруға қауқарлы. 2011 жылы құрылыс жұмыстары басталды, 2012 жылы нысандар пайдалануға берілді, 2013 жылы біздің өнімдер ұзақмерзімді келісімдерге сәйкес, «ҚТЖ» ҰК», «Қазтеміртранс», «АВРЗ» акционерлік қоғамдары мен «Қамқор Локомотив», «ҚақормВагон», «Қазақстандық вагон құрастыру зауыты», «Богатырь көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты  қазақстандық компанияларға келіп түсе бастады. Бұл импортты алмастырушы топжарғыш жоба: бұрындары темір жолға арналған тауарлар Украина мен Ресейден жеткізілетін, қазір біз темір жол саласының барлық қажеттіліктерін біздің зауыттың қуаты арқылы қамтамасыз етіп отырмыз»,-деді А.Хачатурян.  

Бас директордың айтуынша, компания тарапынан өнімдерді ТМД мемлекеттері мен алыс шет мемлекеттерге экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. «ҮИИДМБ-ның арқасында қазақстандық бизнес орнынан қозғалып, импорт алмастыра алатын көптеген зауыттар салынды, «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен өзгеде машинакомплекті кәсіпорындары соның айқын дәлелі. Бұл ретте мемлекеттің қолдауы айқын сезіліп отыр»,-деді кәсіпкер.

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев

     

 

Барлық жаңалықтар