• Басты
  • Жаңалықтар
  • РФ Президенті Н.Назарбаевты Александр Невский атындағы орденмен марапаттады (ФОТО)

РФ Президенті Н.Назарбаевты Александр Невский атындағы орденмен марапаттады (ФОТО)

10 Шілде, 2015 09:27
Уфада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың дамуына қосқан зор үлесі үшін, Еуразиялық интеграциялық процесстерді ілгерлету жөніндегі екіжақты өзара іс-қимылға қосқан үлесі үшін Александр Невский атындағы орденмен марапатталды.

 Қазақстан Республикасының Президентіне орденді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Уфада өтіп жатқан БРИКС және ШЫҰ саммиттері аясындағы ресми қабылдау барысында табыс етті. 

«Екі елдің халқы алдындағы зор еңбегіңіз үшін, бүгінде логикалық тұрғыда соңына жеткен жемқорлыққа қарсы күреске қатысты айтқан бастамаларыңыз үшін Сізді осы орденмен марапаттау туралы шешім қабылданды», - деді Ресей Федерациясының Президенті В.Путин ресми қабылдау барысында. 

«Владимир Владимирович, үнемі ұмытпай көңіл бөлетініңізге рахмет. Осы сәтті пайдалана отырып, бүкіл Ресей халқына көңіл бөліп жатқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Біздің жасап жатқан жұмыстарымыздың барлығы – Қазақстанның халқы үшін, Ресейдің халқы үшін жасалып жатқан жұмыстар», - деді өз кезегінде ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар