- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Уфада Ауғанстан Президентімен кездесті
Н.Назарбаев Уфада Ауғанстан Президентімен кездесті
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Мохаммад Гани екіжақты ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, өзге де салалардағы қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады.
Сондай-ақ тараптар екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының мәселелерін қарастырды. Бұдан бөлек, халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті жайттар әңгімеге арқау болды.
Қазақстан Президенті соңғы жылдары Ауғанстан күрделі жолдан өткеніне тоқталды.
«Көршілес әрі бауырлас ел ретінде сіздер үшін біз шын көңілмен уайымдаймыз. Біздің елдеріміз бір өңірде орналасқан және тарихи тұрғыдан халықтарымыз аралас-құралас болып, сауда жасасқан, саяси байланыстар орнатқан. Өкінішке қарай соның барлығы тоқтап қалды, алайда Ауғанстанда қазір қайтадан тыныштық орнай бастағаны қуантады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Ауғанстанның дамуындағы оң өзгерістерге назар аударды.
«Барлық халықаралық саммиттерде мен Ауғанстанды қолдап сөйледім. Сіздің сайлануыңызбен бірге Ұлттық бірлік үкіметін құру аяқталды. Сондай-ақ НАТО әскерін алып кету ісі де тәмамдалды, Сіз оппозициямен арада келіссөздерді бастадыңыз. Біз бұл қадамдарды құптаймыз және Сізді қолдауға әзірміз», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ауғанстанға мүмкіндігінше, әсіресе гуманитарлық көмек жіберу, мектептер, ауруханалар және жолдар салу арқылы жәрдемдескенін еске салды.
«Мен ең бастысы жас мамандарды тәрбиелеу деп санаймын. Біз Ауғанстанның жас азаматтарын даярлауға, оларға мамандық беруге міндеттеме алдық. Студенттердің алғашқы тобы оралып та үлгерді, Сіздің еліңізде жұмыс жасап жатыр. Біз Кабулдан елшілік аштық және экономика мен саясатта мүмкіндігінше ынтымақтастығымызды арттыруға әзірміз», – деді Қазақстан Президенті.
М.Гани өз кезегінде еліміздің ауған студенттерін оқытуға көрсетіп отырған көмегі, сондай-ақ Ауғанстандағы табиғи апаттар кезінде жасалған елеулі қолдау үшін алғыс айтты.
Бұдан бөлек, М.Гани кездесу барысында Қазақстан Президентіне «Гази Аманулла Хан» медалін тапсырды.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың, бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесті -
Алексей Цой БҰҰ және ДДСҰ Қазақстандағы өкілдерімен кездесті -
Сенат төрағасы Жапония елшісімен кездесті -
Сенат төрағасы АҚШ елшісімен кездесті -
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті -
Қ.Тоқаев аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілерімен кездесті -
Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының тұрғындарымен кездесті -
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті -
Жамбыл облысының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті -
Жамбыл облысының әкімі ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті -
Қ.Тоқаев Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті