- Басты
- Жаңалықтар
- Түркия Президенті Елбасын туған күнімен құттықтады
Түркия Президенті Елбасын туған күнімен құттықтады
Р.Ердоған бауырластық, достық, ынтымақтастыққа негізделген, ортақ тіл, мәдениет және өзара сенімнен бастау алған екіжақты байланыстардың өрістеп, нығая түскенін атап өткен.
«Біздің қарым-қатынастарымыздың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілуіне Сіздің дана әрі көреген көшбасшылығыңыздың үлесі зор болды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан экономикалық даму, саяси тұрақтылық жолына түсіп, халықаралық және өңірлік аренадағы ықпалды мемлекетке айналды. Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз», – делінген жеделхатта.
Сондай-ақ Түркия Президенті екі елдің өзара ықпалдастығының дамуы жалғасып, осы арқылы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және береке-бірліктің нығаюына маңызды үлес қосылатынына сенім білдірген.
Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт және ұзақ өмір, ал достас және бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
М.Жанғазивеа: Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқым келеді -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды -
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады -
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады -
Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері