• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Ерғожин: МКК Алматы мен Алматы облысында 1 ай атқарған жұмыстары бойынша бюджетке 17 млрд теңгені қайтарды

Д.Ерғожин: МКК Алматы мен Алматы облысында 1 ай атқарған жұмыстары бойынша бюджетке 17 млрд теңгені қайтарды

9 Шілде, 2015 17:38
Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысында жүргізген бақылау-сауықтыру шаралары барысында 17 млрд-тан астам теңгенің кірістерін жасырып қалу жағдайларын анықтап, қосымша тағы кедендік құнды түзету есебінен тсүкен 285 млн теңгенің кедендік төлемдерін бюджетке қайтарды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

Комитет басшысы бірінші айдың қорытындысын жария етті, оның аясында 17 млрд-тан астам теңге мемлекет бюджетіне қайтарылған. 

«Жекелеген компаниялар тарапынан декларациялау кезінде 17 млрд теңгеден астам қаржын жасырып қалу жағдайлары анықталды. Қосымша кедендік реттеуден түскен 285 млн теңге де мемлекет қоржынына қайтарылды, яғни Қазақстан аймағына өткізу үшін кедендік құны төмендетілген тауарлар әкелінді»,-деді ол ОКҚ-де.    

Бұған қоса, салық төлеуден жалтарған 1 мың 602 жеке тұлға мен салық органдарында тіркелместен кәсіпкерлікпен айналысудың 3 мың 816 жағдайы анықталды.    

«Қазіргі таңда салық органдарында тіркелместен жұмыс істеп жүрген 3 мың 942 кәсіпкерді тіркеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз бақылау жұмыстарының барысында түрлі қоймаларда өздерінің жұмыс берушілерімен еңбек келісімдерін жасамаған 150 жеке тұлғаны анықтадық»,-деді комитет төрағасы.   

Айта кететін мәселе, салық заңнамаларын бұзған 211 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осы сияқты шаралар еліміздің барлық аймақтарында жүргізіледі.   

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар