- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат заңнамаға кірістерді заңдастыруға қарсы іс-әрекеттерге қатысты енгізілетін түзетулерді талқылады
Сенат заңнамаға кірістерді заңдастыруға қарсы іс-әрекеттерге қатысты енгізілетін түзетулерді талқылады
Заң жобасы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың есебінде көрсетілген ескертулерді жою, сондай-ақ ұлттық заңнаманы Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарымен сәйкес келтіру мақсаттарында әзірленген.
Заң жобасы он алты заңнамалық актіге, оның ішінде, үш кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Қаржы мониторингі субъектілерінің тізбесін кеңейту ұсынылады. Олардың ішіне: лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; ломбардтар; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін тұлғалар; төлемдер қабылдау бойынша операторлар кіреді.
Оларды есепке алу субъектінің «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарлама жіберуі арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қаржы мониторингіне жататын ақшамен және өзге мүлікпен кейбір операциялар нақтыланды және қосымша көзделді. Олар: бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатып алу-сату; облигациялармен, мемлекеттік бағалы қағаздармен, ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен мәмілелер; ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) ломбард операцияларын жасау болып табылады.
Сонымен қатар қаржы мониторингіне жататын жекелеген операциялар үшін шектік деңгейлер артты.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар мен ұйымдардың активтерін тоқтатып қою тетіктерін белгілеу; Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің № 1452 қарарын түзетуге (гуманитарлық түзету) сәйкес операцияларды тоқтата тұру (тоқтатып қою) шеңберінде негізгі өмірлік мұқтаждықтар үшін қажетті қаражат бөлігіне қол жеткізуге рұқсат беру тетіктерін белгілеу; терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесін қаржы мониторингі субъектілеріне және тиісті мемлекеттік органдарға – реттеушілерге жеткізу тетіктерін жетілдіру қарастырылады.
Кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау үшін кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу көзделеді. Одан басқа, клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген және жеңілдетілген шараларын өткізу белгіленеді.
Қаржы мониторингі субъектілерінің қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылығы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпараттарды ұсынбағаны және субъектілердің ішкі бақылау қағидаларының белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бөліктерінде қосымша көзделеді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет