- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрының II маусымы тамаша Гала концертпен аяқталады
«Астана Опера» театрының II маусымы тамаша Гала концертпен аяқталады
Екі бөлімнен тұратын концерт, балеттік номерлерден әзірленген ғажап көріністерден басталып, сахнада өнерден шашу шашатын жас та, қайратты балеттік труппаның солисттері: Серік Нақыспеков, Елдар Сәрсембаев, Гүлзира Жантемір, Марат Әбдірахманов, Бауыржан Мекембаев. Аталған кештің бояуын қанық әрі көркем ете түсетін астаналық көрермен сүйіп қалған сахна шеберлері – Мәдина Баспаева, Әйгерім Бекетаева, Гауһар Усина, Әнел Рүстемова, Тайыр Гатауов, Жандос Әубәкіров, Еркін Рахметоллаев және Арман Оразов. Солисттер түрлі дуэттерде, триода, па-де-де, гран-па билеп, ең үздік әрі сүйікті балеттерден үзінділер көрсетеді.
Екінші бөлімде көрерменді опера жанрының жауһарлары күтіп тұр. Жұпар Ғабдуллина – көптеген беделді марапаттар иесі – «Аттила» операсынан Одабелланың партиясын шырқаса, талант иесі Нарұл Тойкенов қазақтың халық әні «Ақбақайды» орындайды. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай А.Томаның «Миньон» операсынан Фелинаның полонезін дайындады. Кешті аяқтайтын П. Чайковскийдің соңғы операсы «Иолантадағы» Финалды орындайтын жарқыраған әртістеріміз – Бибігүл Жанұзақ, Жәмиля Жарқымбаева, Артұр Қайыпқұлов, Талғат Ғалеев, Бейімбет Таңарықов, Евгений Чайников, Салтанат Мұратбекова, Гүлжанат Сапақова, Болат Есімханов, Рамзат Балакішиев. Концертте мұнымен қатар «Астана Опера» театрының көптеген басқа да солисттері, хоры және симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Дирижерлар – Абзал Мұхитдинов, Айдар Әбжаһанов, Арман Оразғалиев.
Гала-концерт театрдың екінші маусымда өткізген жүз бесінші шарасы болмақшы. Аталған маусымда «Астана Опера» театры көрерменіне бес тұсаукесер – үш балеттік спектакль: Ғ.А. Жұбанованың «Қарагөзін», П. Чайковскийдің «Жаңғақ шаққышын», Б. Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағын» және екі опералық спектакль – Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж. Вердидің «Травиатасын» және аса көрнекті режиссер Ф. Дзеффиреллидің қойылымындағы Дж. Вердидің «Аидасын» ұсынды. Әр тұсаукесер өзінше ерекше әрі қайталанбас болып келеді.
Мұнымен қатар, «Астана Опера» бұған дейін қабылданған меморандумдар шеңберінде халықаралық театрлармен белсенді түрде әріптестік құра бастады. Елордалық театрдың балеттік труппасы итальяндық «Карло Феличе» театрының сахнасында тамаша Гала-балет бағдарламасын және аты аңызға айналған Ю. Григоровичтің қойылымындағы А. Хачатурянның «Спартак» балеттік спектаклін ұсынды. «Астана Опера» сахнасында Грузияның З. Палиашвили ат. Мемлекеттік опера және балет театры өнер көрсетті, сондай-ақ көне неапольдық Сан-Карло Театрының гастролі орасан зор табыспен өтті. «Астана Опера» театрының жетекші солисттері Дина Хамзина, Талғат Мұсабаев, Салтанат Ахметова мен Медет Шотабаев атақты итальяндық Карло Феличе театры маусымының жабылуында өнер көрсетті. Гастрольдік эстафетаны балет әртістері Әйгерім Бекетаева мен Еркін Рахметоллаев жалғастырып, ағымдағы жылдың қазан айында әлемге аңыз болған итальяндық Ла Скала сахнасында билейді.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Шомылу маусымы кезінде нені ескеру керек -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Шомылу маусымында нені ескеру қажет -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты -
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды -
Жылыту маусымы кезiндегi өpт қауiпсiздiгi: нені білу керек -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Жылу маусымында өрт қауіпсіздігі шаралары қандай -
Жылыту маусымына дайындық қалай -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады