• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Ерғожин: 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап, МКК мәліметтер базасына онлайн режимінде 7,6 млн чек түсті

Д.Ерғожин: 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап, МКК мәліметтер базасына онлайн режимінде 7,6 млн чек түсті

9 Шілде, 2015 17:03
2015 жылдың 1-шілдесінен бастап, салық төлеушілердің басым бөлігі бақылау-кассалық аппаратарын қолданулары керек және олар мәліметтерді онлайн режимінде Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіп отырулары керек. Қазіргі таңда осындай онлайн режимінде 7 млн 600 мың чек берілді, деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин.

«Биылғы жылдың 1-шілдесінен бастап, жанар май мен жағар майды және алкогольдік өнімдерді көтерме және саудаға салатын салық төлеушілер бақылау-кассалық аппараттарын қолданып, олар мәліметтерді онлайн режимінде Мемлекеттік кірістер департаментіне жебіреп отырулары керек. Мәліметтерді жіберуші бірыңғай оператор ретінде «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы тіркелді. Біз тізімге 6 мың жаңа үлгіні енгіздік, сонымен қатар тағы 5 үлгі бойынша сынақ жүргізудеміз. Бүгінгі таңда онлайн режимінде еліміз бойынша 7 млн 600 мың чек берілді. Бұл меже жыл сайын өсіп отыр»,-деді Д,Ерғожин.    

Сонымен қатар, ол 2016 жылдың 1-қаңтарынан бастап, заңды тұлғалар, арнайы салық режимін, патент пен жеңілдетілген декларация пайдаланатын жеке кәсіпкерлер pos-терминалдарды пайдаланулары керектігін ескертті.  

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 14 млн 825 адам несие және және қарыз карталарының иелер, соған қарамастан Ұлттық банкітң мәліметтері бойынша, 66 мың салық төлеушінің ғана pos- терминалдары бар.  Сол себепті осы терминалдарды пайдалану, оны тарату бойынша жеке бағдарлама қабылдау туралытиісті ұсыныс енгіздік»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова  

 

 

Барлық жаңалықтар