• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мембасқару академиясы меморгандар қызметіне Ұлыбританияның жобалық менеджментті қолдану тәжірибесін енгізеді

Мембасқару академиясы меморгандар қызметіне Ұлыбританияның жобалық менеджментті қолдану тәжірибесін енгізеді

9 Шілде, 2015 20:28
Лондонда Ұлыбританияның ұлттық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі агенттік (МРА) қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы мембасқару академиясымен мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық менеджмент қағидаларын енгізу тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлады МБА баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, қазіргі таңда МРА жалпы бюджеті 500 млрд фунт стерлинг болатын 200 ұлттық жобаның жүзеге асырылуын бақылайды. Аталмыш бақылау жобалық менеджмент қағидалары негізінде жүзеге асырылады. 

Бақылаудың негізгі міндеті проблемалы аймақтарды уақытылы табу және оларды түзету бойынша шаралар әзірлеу. Соның арқасында 2012-2014 жылдары жүзеге асырылуы тиімсіз болу қаупі алдында тұрған 21 ірі жобаға түзету енгізілді. Сол жобалардың бірқатары орнықты және сәтті жүзеге асырылғандар қатарына енді. Британдық мемлекеттік шенеуніктер үшін жүзеге асырылу мерзімі 30 жылдан 50 жылға дейінгі уақытты құрайтын ұзақ мерзімді, стратегиялық жобаларды жүзеге асыру және әзірлеу мәселесі зор маңызға ие.  Бұл ретте осындай жобалардың аяқталу процесіне және оның балашақ ұрпақ өміріне әсер етуін бағалауға баса назар аударылады. 

МРА көшбасшылығындағы Академияда Оксфорд университетінің Саид Бизнес-мектебімен (SBS) бірге жобалық менеджменттегі көшбасшылық бойынша 18 айлық арнайы бағдарлама жүзеге асырылады. Бағдарлама қатысушылары ұлттық жобаларды басқару саласында табысты қызмет етуге қажет негізгі құзыретті дамыту бойынша оқудан өтеді.  

Екі академия арасында жобалық менеджмент саласында мемлекеттік қызметкерлерді оқытудағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді. 

Сапар барысында академия ректоры Болатбек Әбдірасылов Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің атқарушы директоры Стивен Джексонмен кездесті.  Кездесу барысында британдық тарап университеттерді аккредиттеудің ұлттық жүйесін қалыптастыру ерекшеліктеріне тоқталды.

Сондай-ақ британдық агенттік сарапшыларының ҚР-дағы жоғары оқу орындарын аккредиттеу жүйесін жетілдіру үрдісіне қатысу мүмкіндігі талқыланды. 

 

Барлық жаңалықтар