Мемлекет басшысы Уфада өтетін ШЫҰ мен БРИКС саммиттеріне қатысады

9 Шілде, 2015 16:24
Уфада БРИКС пен ШЫҰ бірлестіктерінің саммиті басталды. Саммиттердің ресми кездесулері биылғы жылдың 9-10 шілдесі аралығында өтеді.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған.  

Бүгінгі таңда БРИКС ұйымына мүше мемлекеттер Ресей, Қытай, Үндістан, Бразилия, ОАР елдері болып табылады. Шынхай ынтымақтастық ұйымының құрамына Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері кіреді. Биылғы жылы Ресей осы екі ұйымға да төрағалық етеді. Бұған қоса ұйымның байқаушылары ретінде Пәкістан, Моңғолия, Үндістан, Иран және Ауғанстан мемлекеттері тіркелген. Сондай-ақ Беларусь елінің екі ұйымның да мүшесі еместігіне қарамастан, ол ел осы дәрежеге жетуге ұмтылып отыр.

БРИКС саммиті аясында мемлекет басшылары мен делегация мүшелері халықаралық экономикалық жағдайды сауықтыру, өзара тиімді сауда-инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін ортаға салады. Сонымен қатар, жаңалықтардың бірі капитал көлемі 100 млрд доллар болатын БРИКС-тің жаңа даму банкі қызметін бастайды. БРИКС-ке мүше елдердің кездесулерінің қорытындылары бойынша, Уфа декларациясы мен бірлескен қимылдар жоспары қабылданады деп күтілуде. ШЫҰ саммитінің барысында 10-шілде күні ұйымды кеңейту туралы мәлімдеме жасалмақ. Бұл саммиттің басты тақырыптарының бірі. Жаңа мүшелердің арасында Үндістан мен Пәкістан бар.  

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ-на мүше елдердің көлемі 30 млн шаршы метрді құрайды, бұл Еуразия құрлығының 60 пайызы. ШЫҰ-на мүше елдердің аймағындағы тұрғындар саны 1,5 млрд.    

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар