- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ ЕАЭО елдерінен автокөліктерді әкелуді лицензиялау тәртібін түсіндірді
ҚР ИДМ ЕАЭО елдерінен автокөліктерді әкелуді лицензиялау тәртібін түсіндірді
«Біріншіден, бұйрықтың жүк, жеңіл көліктер мен автобустарға қатысты екенін атап өткен жөн. Үшінші елдерден келетін импорт бұйрықпен реттелмеген. Ол тек ЕАЭО елдері үшін ғана қолданылады. Жаңалық тек заңды тұлғаларға қатысты. Ал басқа өз қажеттіліктері үшін көлік сатып алушыларға бұл рәсімнің қажеті жоқ», - деп түсіндірді С.Рахымов.
Еске салсақ, Қазақстанда 2015 жылдың 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрінің «Жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатынсыз әкелетін көлік құралдарын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағынан әкелуге қатысты ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» №481 бұйрығы күшіне енді.
«ҚР-дағы автокөлік нарығының қазіргі жағдайы сервистік желілерінің жеткілікті түрде дамымауымен сипатталады. Автоорталықтыр мен сервистік станцияларды ұйымдастыруға инвестициялар тарту керек. Лицензиялаудағы мақсат көлік нарығын шектеу емес, тұтынушыларды көлік құралдарын жосықсыз жеткізушілерден қорғау, ҚР-дағы автокөлік сату саласы мен сервисінде өндірушілердің ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз ету», - деп атап өтті ведомствода.
Ал, лицензияны ҚР инвестиция және даму министрлігінің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ғана бере алады
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары