ҚР-да бірінші жарты жылдықта құрылыстағы баға 0,5%-ға өсті - ҰЭМ

10 Шілде, 2015 10:02
2015 жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда машиналар мен жабдықтарға баға 1,2%, өзге де жұмыстар мен шығындарға – 2,6%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2015 жылғы бірінші жартыжылдықта жиналмалы металл конструкциялардың бағасы 3,5%, құрылыс құмының – 2,9%, қыш тақтайшалар мен тақталардың – 2,6%, пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдарының – 1,6%, малтатастың – 0,7%-ға өсті.

Табақты шыны 6,8%, цемент, әк және ғаныш – 6,3%, болат жайма – 4,7%, өзектер мен шыбықтар – 3,6%, тауарлы бетон – 1,3%-ға арзандады.

Барлық жаңалықтар