СҚО жастардың бизнес-жобаларының байқауы өтіп жатыр

9 Шілде, 2015 19:08
Солтүстік Қазақстан облысында белсенді жастар ішкі саясат басқармасының қолдауымен жастардың бизнес-жобаларының байқауын ұйымдастыруда, деп хабарлайды облыстың Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Байқау «Үздік әлеуметтік бизнес-жоба», «Үздік өндірістік бизнес-жоба», «Үздік IT-жоба» атты 3 аталым бойынша ұйымдастырылуда.  

Байқау аталымдары Солтүстік Қазақстан облысының жас кәсіпкерлері арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыруды дамытуға үлес қосу, басым бағыттағы қызметтер бойынша коммерциялық әлеуеті бар және болашағынан зор үміт күттіретін жобаларды анықтау және оған қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда.   

Хабарламадан мәлім болғанындай, бизнес-идеяның жеке авторлары мен оны дайындаушылары да байқаудың жеңімпазы атана алады. Байқауға қатысушылардың арасында облыстың бизнесін дамыту үшін коммерциялық әлеуеті бар бизнес-идеялардың жасы 29-ға толмаған авторлары қатыса алады.   

 

 

Барлық жаңалықтар