- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкіметі Басшысы «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының бір бөлігін көрді
ҚР Үкіметі Басшысы «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының бір бөлігін көрді
«Арқалық-Шұбаркөл» темір жол бұтағы да «Жезқазған-Бейнеу» жаңа темір жолы сияқты Жезқазған-Арқалық өңірін дамыту үшін ғана емес, тұтастай алғанда жалпы еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселе болып табылады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында көрсетілген инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, экономиканың бәсекеге қаблеттілігін елеулі түрде көтеріп, Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттырады.
«Арқалық-Шұбаркөл» темір жолының жалпы ұзындығы 214 шақырым. Қазіргі кезде мұнда жер қабаттарына құм-тастар төсеу, көпірлер мен жол өткелдерін, су жүретін құбырларды монтаждау бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Моноқала арқылы өтетін осынау жаңа темір жол бұтағы оны транзиттік жолға айналдырады.
Премьер-Министр темір жол құрылысының барысымен танысып, салынып жатқан инфрақұрылымдық нысандарды көрді және бұл жобаны жүзеге асыру мерзімін сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Жол құрылысында соңғы үлгідегі қазіргі заманғы технологиялар қолданылуда. Бұл жол аймаққа жаңа тіршілік әкеледі, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашылатын болады»,-деді Үкімет басшысы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы