- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы еліміздің кәсіпкер әйелдері шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс орындарының 30 пайызын ашты
2014 жылы еліміздің кәсіпкер әйелдері шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс орындарының 30 пайызын ашты
«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы мен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын әйел азаматтардың қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес, әсіресе экономикада. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес саласының келбеті әйел азамат екендігін сенімді түрде мәлімдеуге болады. Әлсіз жандардың соңғы онжылдықта кәсіпкерлік саласына үдере көшуін мамандар «үнсіз революция» деп атап жүр. Қазақстандықтарда таңдау көп, ол жалданып жұмыс істе немесе өз ісіңді баста. Әйелдер болса ұдайы екінші бағытты таңдайды»,-деді ол ОКҚ-де.
Р.Сәрсембаеваның сөзінше, 2014 жылы әйел кәсіпкерлер 795 жұмыс орнын ашты, бұл шағын және орта бизнестегі жұмыс орындарының 30 пайызы.
«Соңғы уақытта шағын және орта бизнес саласына әсіресе әйел азаматтар тың серпін беріп отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,5 пайызын әйелдер басқарады. 52 мыңнан астам қазақстандық әйелдер бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда»,-деді Іскер әйелдер қауымдастығының президенті.
Ол сөзінде сонымен қатар, Қазақстанда бизнесті несиелендірудің керемет жүйесі қалыптасқан, ол 6 пайыздық көрсеткішпен 10 жылды қамтитындығын атап өтті. Мұндай шарттар бұрын елде болмаған. Бұл Қазақстанда кәсіпкерлікпен әйел азаматтардың айналысуларына жаңа, тың серпін беріп отыр. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады, өз кезегінде ол елде жұмыссыздықтың төмендеп, тұрғындардың әл-ауқаттарының артуына жол ашады.
Анар Тәңірқұлова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді