• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери спорт клубының чемпиондары 7 мемлекеттің атлеттерімен күш сынасуда (ФОТО)

Қазақстандық әскери спорт клубының чемпиондары 7 мемлекеттің атлеттерімен күш сынасуда (ФОТО)

9 Шілде, 2015 20:01
Сегіз мемлекет, құрама команда, 5 әскери-спорттық бағыт және жалғыз ғана жеңімпаз – Қазақстанның Қарулы Күштерінің әскери көпсайыстан құрамасы Минскіде пентатлон спортынан өтіп жатқан халықаралық турнирге қатысуда, деп хабарлайды Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің командамыздың құрамында ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери спорт клубының 7 танымал әскери спортшысы бар. Олардың қатарын қысқы президенттік көпсайыс пен әскери үшсайыстан ҚР спорт шебері, 2014 жылғы пентантлоннан әлем чемпионы Максим Губарев бастап тұр.   

Осы бәсекеде үздіктердің қатарынан көрініп, елге жеңіспен оралу үшін еліміздің спортшыларына Ресей, Беларусь, Түркия, Австрия, Дания, Германия және Италия мемлекеттерінен келген спортшыларға қарсы тұра білу керек. «Біздің қарсыластарымыз өте мықты. Дегенмен біздің командамыздың дайындығы өте жоғары және біз жеңіске жету үшін бар күш-жігерімізді сарқа жұмсаймыз. Енді, сәттілік осы жарыстардың соңына дейін біздің жақта болады деген үміттеміз»,-деді команда капитаны.   

Спорт бәсекесі Минск қаласында Беларусь қаласының әскери академиясының базасында өтіп жатыр және ол 12-шілдеде аяқталады. Бұл жарыс ТМД-ға мүше мемлекеттердің әскерлерінің арасында өтетін әскери ойындар мен VI әскери ойындарына деген дайындық.

  

 

Барлық жаңалықтар