- Басты
- Жаңалықтар
- Р. Сәрсембаева: ҚР кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын омбудсмен керек
Р. Сәрсембаева: ҚР кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын омбудсмен керек
«Кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың мүдделерін қорғауды қолдайтын тетіктердің жоқтығы бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі және оны мүмкіндігінше, жедел шешу қажет. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын омбудсмен институтын нашу қажеттігі айқын көрсетілген. Оны тек жарнамалап қана қоймай, жүзеге асыру қажет»,-деді Р.Сәрсембаева.
Оның сөзінше, Қазақстанда мараторий шексіз бола бермейді, сондықтан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын жүйелі тетік қажет.
«Біз әйел кәсіпкерлер аталмыш институт Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жақын арада іске қосылады деген ойдамыз. Кәсіпкерлердің кемшілігін тауып, оларға қатысты бірден қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау саясаты өзге деңгейге ауыстырылып, мысалы ескерту жасалатын болады. Бұл кәсіпккерлер заңды бұзды деген сөз емес, оларды оқытып, білмегендерін түсіндіру керек, бұл шара тіпті өз ісін ерекше таза атқаратын азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Егер кәсіпкерлерге деген қарым-қатынас дұрыс қолса, кәсіпкерлер де дұрыс жұмыс істеуге тырысады. Меніңше, бұл институты іске қосу керек»,-деді ол.
Оның айтуынша, 2014 жылдың 2-сәуірінен 2015 жылдың 1-қаңтарына дейін созылған мараторий бизнес үшін қолдаудың қаншалықты қажет екендігін көрсетті. Бұл ретте қолдау тек қаржы жағынан ғана емес, өз ісіңді ыңғайлы жүргізу үшін де керек.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады