- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова: «Мерейлі отбасы» - мемлекеттің неке және отбасы институтын нығайту мен қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие жүргізудің көрсеткіші
Г.Әбдіқалықова: «Мерейлі отбасы» - мемлекеттің неке және отбасы институтын нығайту мен қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие жүргізудің көрсеткіші
Мемлекеттік хатшы «Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мемлекеттің неке және отбасы институтын нығайту, қоғамда рухани-адамгершілік тәрбие жүргізу мәселелеріне мүдделі екенін, сондықтан байқаудың сапалы жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі үшін орталық және жергілікті органдардың іс-қимылын өзара үйлестіру, байқауды кең ауқымды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажет» деді.
Бүгінгі таңда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңін дайындау және ақпараттық жарықтандыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Өңірлердегі байқау қорытындылары көрсеткендей, 2015 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысушы отбасылар саны 1,7 есеге (2015ж.-2285, 2014ж.-1298) артты. Барлық қатысушылардың жалпы санының 77%-тен астамын (1767) ауылдық жерлерде тұратын отбасылар құрайды (2014 ж.-16%, 209 отбасы).
Өткен жылмен салыстырғанда көпбалалы отбасылар екі есеге, жас отбасылар бір жарым есеге көп қатысты. 319 отбасылық еңбек әулеті, 19 этнос жан-жақты көрсетілді.
Бұл отбасылардың басты құндылығы – патриоттық сезім, үлкенге деген құрмет пен ізгілікке негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу болып табылады. Бұл отбасылардың әрбір өкілі – еңбек адамы, ауылдың немесе қаланың қарапайым еңбеккері.
Қорытындысында Г.Н.Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы үшін смс және Интернет арқылы дауыс беруді өткізудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін сапалы түрде пысықтау қажеттігін атап өтті, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер