ҚР визалық тәртіпті жеңілдету бойынша ЕО-мен келіссөздер жүргізуде- СІМ

9 Шілде, 2015 12:36
Қазақстан Үкіметі республика азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету бойынша Еуропалық одақпен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің Комиссары Рапиль Жошыбаев ОКҚ-да.

«Біз, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЕО-ға шығатын біздің ел азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету бойынша белсенді түрде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Еуропалық тарап та осы бағытта жұмыс жасауда, және заңсыз көші-қонмен күрес, ұйымдасқан қылмыспен күрес, ел азаматтарын қайтару, уақытша баспана беру мәселелерінде ауропалық нормаларға қазақстандық заңнаманың үйлесуі жағдайында, жеңілдетілген визалық тәртіп және әкімшілік миссия туралы Қазақстанмен келісімге қол қоюға дайын. Шекаралық қадағалау басқармасымен  ол есірткі трафигімен күрес, төлқұжаттардың қорғаныс сипаты мен биометрикалық құжаттарда сақталатын ақпараттың қорғанысын арттыру», - деді Р.Жошыбаев.

 «Біз аталмыш құжат қабылданғасын біздің ел азаматы үшін жеңілдетілген визалық режимге қол жеткізу бойынша еуропалық мемлекетпен нақты келіссөздерге көшуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деп толықтырды ол.

Атап өту керек, қазіргі таңда аталмыш жоспар Үкіметте жатыр және жақын уақытта бекітілуі керек.

Анара Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар