- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға енген өзгертулерді қабылдады
Парламент зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға енген өзгертулерді қабылдады
Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Заң жобасында:Базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлік жасқа жеткен кезде базалық зейнетақы төлемдерін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындау көзделіп отыр. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% мөлшерінде белгіленеді, 10 жылдан асқаннан кейін әр жылға мөлшері 2% ұлғаяды және өтілі кемінде 35 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады.
Қосымша 5% мөлшерінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу көзделген.
Бұл жарналар азаматтардың меншігі болып саналмайды және әрбір қызметкердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған шартты зейнетақы шотында тіркелетін болады.
Мұндай зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шоты ашылған, кемінде 60 айға ЖМЗЖ аударылған, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз боп белгіленген І және ІІ топтардағы мүгедектерге беріледі.
Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұраға қалдырылмайды. Жыл сайын зейнетақы мөлшерлері БЖЗҚ экономикалық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне қарай индекстелетін болады.
Жекелеген санаттағы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру қарастырылады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күш құрылымдарының барлық қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшіру көзделген.
Ұсынылып отырған шаралар жиынтық зейнетақының экономикадағы орташа айлық жалақымен арасалмағын Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған (40% кем емес) деңгейде қамтамасыз етуге және сақтауға мүмкіндік береді.
Заң жобасы қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарларға әкеп соқпауы тиіс.
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы