- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды
ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды
«Заң жобасы су ресурстарын одан әрі де тиімді пайдалану, жаңғыртылатын энергия көздері, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұрақты әрі жоғары деңгейде дамыған ауыл шаруашылығын дамыту, ауаның ластануын төмендету, қоршаған орта мен өмірдің экологиялық сапасын арттыруға бағытталған институционалды тетіктерге көшу мәселелерін қарастырады»,-деді Т.Ахсамбиев.
Оның сөзінше, заң жобасындағы «жасыл» экономикаға қатысты өзгерістер 10 заңнамалық актіні қамтиды.
«Су ресурстарын тұрақты пайдалануға қатысты өзгерістер мен толықтырулар жер және су кодекстеріне қатысты және олар су нысандарын қорғанысын жетілдіру, суға деген зәрулікті жою, су ресурстарын пайдалануды жүйелі жоспарлау стандарттары мен мақсатты көрсеткіштеріне әсер ету арқылы су сапасын арттыру, ауыз сумен қамту жүйесін бақылауды күшейтуді қарастырады»,-деді вице-министр.
Бұған қоса ол энергиямен қамтамасыз ету, энергиятиімділігін арттыру мен электроэнергетика саласын дамыту бойынша «Жаңғыртылатын энергия көздерін кқолдаутуралы» және жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мен мақсатты көрсеткіштерді өзгеру мақсатында осы саладағы заңнамаларға өзгерістер енгізілмек.
Қалдықтарды басқару бойынша, Экологиялық кодекс пен «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы», заңдарға өзгерістер енгізілмек.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді