- Басты
- Жаңалықтар
- Германия ынтымақтастық жылдары Қазақстанға 3 млрд доллар инвестициялады
Германия ынтымақтастық жылдары Қазақстанға 3 млрд доллар инвестициялады
Deutsche Bank және «Бәйтерек» холдингінің қатысуымен ұйымдастырылған отырысқа Қазақстанның түрлі компаниялары, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» СК» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация да қатысты.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап түрлі мәселелер бойынша елімізге тұрақты қолдау көрсеткен Германия бүгінде Қазақстанның сенімді әрі конструктивті әріптесі болып табылады.
Тек соңғы 3 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасында жалпы сомасы шамамен 4 млрд. еуро болатын 72 инвестициялық және сауда келісімдеріне қол қойылды, жалпы сомасы 700 млн. еуроға 12 инвестициялық жоба іске асырылды.
«Ынтымақтастық жылдары ішінде неміс іскерлік топтары Қазақстанға шамамен 3,1 млрд. АҚШ долларын инвестициялады. Шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінде бұл 2,5 %-ды құрайды», - деп мәлімдеді Іскерлік кеңес отырысында сөйлеген сөзінде Қ. Бишімбаев.
«Бәйтерек» холдингінің Төрағасы неміс әріптестеріне Холдинг және оның еншілес ұйымдары түрлі салаларда атқарып жатқан жұмысы жөнінде баяндап берді.
Бұдан басқа, Холдинг басшысы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған жаңа бес институционалдық реформалар туралы айтты.
«Индустрияландыруды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бастама аясында экспортқа бағдарланған тауарларды шығару үшін Қазақстанның қайта өңдеу секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тарту көзделеді. Экономиканың басым секторларында халықаралық стратегиялық әріптестер – «зәкірлік инвесторлармен» бірлескен кәсіпорындар ашылады. Кейіннен бірлескен кәсіпорындардағы мемлекеттің үлесі IPO-ға шығарылатын болады», - деп атап өтті Қ. Бишімбаев.
Экономикалық бастамаларды іске асыруда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі маңызды рөлге ие болып отыр. Қазірдің өзінде Холдинг ірі трансұлттық компанияларымен тығыз ынтымақтастық орнатты.
Сондай-ақ, Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 5 стратегиялық бағыт айқындалды, оның ішінде тоқыма саласы, автомобиль құрастыру, химия өнеркәсібі, шыны өндірісі, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы.
«Осы салаларда неміс компаниялардың мол тәжірибесін ескере отырып, мен осы бағыттар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыруға германдық әріптестерімізді шақырғым келеді», - деді «Бәйтерек» Төрағасы.
Өз кезегінде, неміс компаниялары аталған бағыттар бойынша Қазақстанмен бірлесіп жұмыс жасауға дайындығы мен қызығушылығын білдірді.
Қазақстандық делегацияның екі күндік сапары бағдарламасында Іскерлік кеңеске қатысудан басқа, ірі неміс концерндері, инжинирингтік компаниялары және институттары жетекшілерімен екіжақты кездесулер мен келіссөздерді өткізу жоспарланған.
Атап айтқанда, Іскерлік кеңес аясында Қ. Бишімбаев өнеркәсіптік құрылғыларды орнатумен және өндірістік процестердің технологияларын енгізумен айналысатын Chemieanlagenbau Chemnitz GmbH (С.A.C.) неміс компаниясының басшысымен кездесті. Компанияның Қазақстанда жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Әңгіме барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерінің кең көлемді спектрін талқылады.
Сонымен қатар, «Бәйтерек» Төрағасы Quaesta Capital (тау-кен металлургия саласы), Linde Engineering Ltd (химия индустриясы жабдығының өндірісі), Textima Export Import GmbH Bernd Weidlich (тоқыма өнеркәсібі), TAKRAF GmbH (тау-кен металлургиялық құрал-жабдық), Rheinmetall Eastern Markets GmbH (қорғаныс холдингі) сияқты неміс компаниялардың басшыларымен кездесіп, келіссөздер өткізді.
Бұдан басқа, Қазақстанда белгілі METRO Cash & Carry неміс концерннің, сондай-ақ Volkswagen Group басшылығымен екіжақты кездесулер болып өтті.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша неміс компанияларымен ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қою күтілуде.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық