- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп пен ОҚО әкімдігі жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4,6 млрд теңгенің келісіміне қол қойды
Қазатомөнеркәсіп пен ОҚО әкімдігі жергілікті қамтуды дамыту бойынша 4,6 млрд теңгенің келісіміне қол қойды
««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов компания мен әкімдік арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қосымша ретіндегі жергілікті үлесті дамыту мәселелері жөніндегі келісімге қол қойды. Аталмыш құжат аясында уран өндіруші кәсіпорындар өңірдегі отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 4,6 млрд теңгені құрайтын келісімдер жасауға ниетті», - деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
2015-2016 жылдары ұлттық атом компаниясы жергілікті кәсіпкерлерден электротехникалық жабдықтар (трансформаторлар), жанар-жағармайлар, арнайы киімдер, құбырлар, қағаз бұйымдар, т.т. сатып алатын болады.
«Келісімді іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік нәтиже бермек – жергілікті қамтудың үлесі өседі, жұмыс орындары сақталады, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артады», - делінген хабарламада.
Ұлттық атом компаниясының басшысы сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Таукент және Қыземшек кенттеріндегі «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-не қарасты әлеуметтік нысандарды аралауды жоспарлаған.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді