- Басты
- Жаңалықтар
- ЕЭК газ турбиналарына салынатын салымдарды уақытша тоқтатты
ЕЭК газ турбиналарына салынатын салымдарды уақытша тоқтатты
Нақтырақ айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы сырттан келетін тауарларға деген кедендік салымдардың ставкаларын уақытша 6,7 пайыздан 0 пайызға дейін төмендету жөнінде шешім қабылдады. Бұл шешім негізінен қуаты 50 000 кВт болатын газ турбиналарына қатысты қабылданды, және ол 2015 жылдың 2-қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың 31-тамызына дейін күшінде болмақ.
ЕЭК-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шара ЕАЭО аясындағы елдерде қуаты мықты газ турбиналарын шығару ісіне кеңейту мен ұйымдастыруға қажетті шарттарды қалыптастыруды және энергомашинақұрылысы саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Қарастырылып отырған турбиналардың бөліктері турбинаның жалпы құнының 30,9 пайзын алуы мүмкін. Сондықтан салымдардың төмендеуі тауар құнының арзандауына ықпал етуі тиіс»,-деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Комиссия алқасы сонымен қатар, ЕЭК мен Венгрияның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы агроөнеркәсіп кешені бойынша ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумының жобасын мақұлдады. Аталмыш құжат ЕАЭО, ЕЭК мен Еуропалық Одақ елдерінің агроөнеркәсіп саласындағы іскерлік қатынастарын дамытып, олардың халықаралық ынтымақтастығынн арттыруға бағытталған.
«Бұл ретте ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылығын өнімдерін саудалау, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, зияткерлік меншік, санитарлық және фитосанитарлық шаралар болмақ. Ынтымақтастықтың тәсілдері тәжірибе мен ақпарат алмасу, сауда саласы бойынша кедергілерді анықтау, Венгрия ауыл шаруашылығы мен комиссияның ЕАЭО мүше елдерді тарта отырып, бірлескен жобаларды қоса алғанда екіжақты қызығушылықты тудыратын мәселелер бойынша өзара біріге қимылдау болып табылады»,-делінген хабарламада.
ЕЭК Алқа мүшелері аталғандармен қоса, ЕАЭО елдерінің 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының тізімін мақұлдады. Аталған жұмыстар аясында тараптар бірлексен ғылыми қызметпен айналысады. Алқа мүшелері бұған қоса, ішкі және сыртқы сауда бойынша ықпалдастырылған ақпараттық жүйені қолдану барысында ақпараттық алмасуларды реттейтін технологиялық қжаттарды бекітті. Сондай-ақ ветеринарлық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай талаптарға өзгеріс енгізді. Бұл өзгерістер кәсіпкерлік саласының қызметін оң ықпал етеді деп күтілуде.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды -
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Ақтөбе облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасты