- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда шағын кемелерді тіркеу қызметі 2013 жылдың соңына дейін автоматтандырылады
Қазақстанда шағын кемелерді тіркеу қызметі 2013 жылдың соңына дейін автоматтандырылады
«Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру маңызды. Себебі, су көліктерін тіркеу кезінде Көлік және коммуникация министрлігінің аймақтық бөлімдері тарапынан жіберілетін бұзушылықтарды болдырмау үшін қажет. Қызмет автоматтандырылған соң, қызметті алуға өтінімді электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы беруге болады», - деп хабарламада нақтыланған.
2013 жылдың 9 айы бойынша Көлік және коммуникация министрлігінің аймақтық органдары 3477 рет кемелерге тексеру жүргізіп, 1012 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, 4,9 млн. теңгеге айыппұл салған.
Су көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Арлан Закарьяновтың айтуынша, қазақстандық кеме жүргізушілерге негізінен кемелерді рұқсат құжатынсыз басқарғаны, кемелерін техникалық байқаудан өткізбегені немесе кемелерді тіркемегені үшін айыппұл салады екен. «Флоттағы апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шараларымыз бар. Осы шараларға сәйкес, алдын-алу шараларын жүргіземіз, БАҚ арқылы заңнамаларды түсіндіреміз, бақылау шараларын жүргіземіз. Бұл іс-шаралардың барлығы бірінші кезекте, кеме жүргізушілерінің заң бұзушылықтарға жол бермеуіне бағытталғанын айтып өту керек».
Кемелер мен кеме жүзеті су жолдарын бақылау шараларын күшейтудің арқасында қазақстандық флоттағы апатты жағдайлар 2013 жылдың 9 айында 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18-ден 13-ке дейін азайып отыр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды