- Басты
- Жаңалықтар
- А.Перуашев: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының арқасында ел азаматтары үздік әлемдік өнімдерге қол жеткізеді
А.Перуашев: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының арқасында ел азаматтары үздік әлемдік өнімдерге қол жеткізеді
«Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы халықаралық нарықтарға, ашық нарық кеңістігіне кірігу деген сөз, ол ел азаматтарының үздік әлемдік тауарларға деген қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Еліміздің нарығына келген тауарлар сапалы әрі арзан болады, себебі әлемдік өнім өндірушілер өз тауарларын миллиардтаған адамдарға мөлшерлеп шығарады, ал мұндай тауардың бағасы мың адамға арналған тауарлардың бағасынан әлдеқайда арзан болады»,-деді А.Перуашев.
Оның сөзінше, еліміздің ДСҰ-ға кіруі қазақстандық бизнестің өз қызметтерін жетілдіруге мәжбүрлейді.
«Бизнестің көзімен қарайтын болсақ, бұл үлкен сынақ және өте қатаң бәсекелестік. Біздің өнім өндірушілерді өндірілетін өнімнің сапасы, оған кедергі келтіретін мәселелер мен тауардың өзінді құны ойландыруы тиіс. Осының барлығы бизнесті жетілдіруге негіз болатын себептер. Осындай жағдайда көптеген бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындар өз қызметін тоқтатып, болмаса басқа бір кіріс көздерін ойлап табуға мәжбүр болады»,-деді депутат.
Бұл ретте ол осындай қиын-қыстау жағдайда бизнесті қолдау мақсатында мемлекет оларға көп қолдау көрсетіп отырғандығын атап өтті, мысалы ИИДМБ аясында.
«Дегенмен біздің кәсіпкерлер халықаралық ұйымға мүше болған соң алғашқы кезде қиындықтарымен бәрібір бетпе-бет келеді. Бір жағынан мемлекеттің басты мақсаты тек кәсіпкерлерді байытып қана қоймай, тұрғындардың да жақсы, сапалы тауарларға қолжетімділігін қамтамасыз ету болапы табылады»,-деп қосты Мәжіліс депутаты.
Оның пікірінше, бұл екі жағы бар таяқ іспеттес, біздің сол таяқты қалай пайдаланатынымыз мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерге байланысты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссіөздер 19 жылға созылды. Қазақстан аталған ұйымға мүше болу үшін өтінішін 1996 жылдың 29-қаңтарында беріп қойған. Қазақстан халықаралық ұйымның 162-ші мүшесі болып кірді.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер