- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп түсуде
Мемлекет басшысы атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты құттықтаулар келіп түсуде
Атап айтқанда, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова Нұрсұлтан Назарбаев көреген әрі дана саясаткер бола отырып, Қазақстан халқының нағыз көшбасшысы ретінде даусыз беделге ие болғанына тоқталған.
«Көбінесе Сіздің дана әрі сындарлы саясатыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы мемлекет құру, әлеуметтік-экономикалық даму және халықаралық аренада ел беделін нығайту ісінде елеулі табыстарға жетті», – делінген жеделхатта.
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі А.Слепнев Қазақстан Президенті лауазымындағы жемісті қызметі арқылы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз отандастары арасында жоғары бедел мен сенімге ие болғанын айтқан.
Мемлекеттік Думаның ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы Л.Слуцкий Қазақстан Президентінің саяси жігері мен ұйымдастырушылық тәжірибесі арқасында ғана республика әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуда қарышты қадам жасағанын атап өткен.
Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі М.Швыдкой Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі арқасында Қазақстан тек өңірде емес, әлемде зор құрметке ие екенін айтады.
РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Агаев Қазақстан Президентіне риясыз көңілден жақсылық, бейбітшілік және бақ-береке тілеген.
Украинаның бұрынғы Президенті Л.Кучма Украинада Нұрсұлтан Назарбаевты өз ісіне адал тәжірибелі және жігерлі саясаткер ретінде білетініне назар аударған.
Ингушетия Республикасының Тұңғыш Президенті, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев Мемлекет басшысының өмірі өз халқының мүддесіне адал және жанқиярлықпен қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтқан.
Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Ресей мүфтийлер кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдин бүгінде Қазақстан көпконфессиялы және көпэтносты қоғамның мысалы бола отырып, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше көптеген мемлекеттер үшін үлгі екенін, онда экономикалық және саяси дамудың стратегиялық міндеттері азаматтық келісімді, тегі мен діні әртүрлі адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасты нығайтудың игі мақсаттарымен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен.
Украинаның Днепродзержинск қаласының мэрі С.Сафронов мемлекеттік қызметтегі саяси даналығы, мол білімі мен бай тәжірибесі арқылы Қазақстан Президенті өз отаны мен шет елдерде лайықты беделге ие болғанын атап өткен.
«Интерфакс» ақпарат агентсттігінің бас директоры М.Комиссар Қазақстан Президентінің бай тәжірибесі мен шығармашылық әлеуеті алда да ел мүддесіне қызмет ететініне сенім білдірген.
Ресей Федерациясы НИЦ «Курчатов институты» ҒЗО Президенті Е.Велихов Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолы бауырлас елдеріміз бен халқымыз үшін өзекті мемлекеттік ғылыми және техникалық міндеттерді шешудегі тиімді өзара іс-қимылға және мәнді жеке қарым-қатынасқа толы екенін атап өткен. Ол Мемлекет басшысына денсаулық және Қазақстан Республикасының орнықты дамуы, елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы ынтымақтастық пен өзара ықпалдастықты нығайту бағытындағы ерен ісіне табыс тілеген.
Ресей Көркемөнер Академиясының президенті З.Церетели Нұрсұлтан Назарбаевтың мінсіз беделі, жоғары кәсіпқойлығы, мол тәжірибесі оған тек ауқымды мемлекеттік міндеттерді ғана табысты жүзеге асыруға емес, но и вносить вклад в решение сложнейших проблем XXI ғасырдың күрделі мәселелерін шешу ісіне үлес қосуға да мүмкіндік беретінін айтады.
Ресейлік басқарушы және кәсіпкер А.Усманов Қазақстан халқы ел болашағын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратынына назар аударған.
Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы А.Петренко, бывшего министра финансов РФ А.Кудрина, РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, генерал-полковник Б.Громов, РФ Федерация кеңесінің мүшесі Э.Россель, РФ Федеральды Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты В.Ресин, «МИР» МТРК төрағасы Р.Батыршин, Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Құрылтайының депутаты М.Васильев, «Газпром нефть» ААҚ бас директоры А.Дюков, «Ұрпақтардың алтын жылнамасы» қорының төрағасы С.Невский жолдады.
Мемлекет басшысы атына құттықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар