Биыл ШҚО-да 300 км жол жөнделеді

9 Шілде, 2015 11:19
ШҚО-да осы жылы орташа жөндеумен 303 шақырым автомобиль жолы қамтылды, сондай-ақ, 3 көпір бар, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов автомобиль жолдарын жөндейтін ұйымдардың жетекшілерінің есебін қабылдады.

Бірқатар ұйымдардың жетекшілері әкімді жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Өз кезегінде Даниал Кенжетайұлы жөндеу жұмыстарының уақытында әрі сапалы жүзеге асуына назар аударды.

Осы жылы орташа жөндеу жұмыстарымен 303 км жол қамтылды, оның ішінде Омбы – Майқапшағай-Өскемен, Риддер- РФ шекарасы,  Семей-Қарауыл, Күршім – Қалжыр, Паригина – Кутиха.

Барлық жаңалықтар