• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында қант қызылшасының егіс көлемі 4 мың гектарға дейін ұлғайтылды

Алматы облысында қант қызылшасының егіс көлемі 4 мың гектарға дейін ұлғайтылды

9 Шілде, 2015 11:04
Алматы облысында сапалы тұқымдар мен қызмет көрсету-дайындық орталықтары мен шаруаларды қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Амандық Баталов Көксу қант зауытындағы жөндеу жұмыстарымен танысып, шырынтазарту цехы мен қант қызылшасын қайта өңдеу цехында болды. Жөндеу жұмыстарының осы кезеңіне 190 адам тартылған. Күзге таман тағы 600 адам жұмысқа тартылады. Зауытта болған соң облыс әкімі «Қайрат» және «Әлім-Таяр» шаруа қожалықтарының қант қызылшасы егілетін аймақтарын аралады.

«Қайрат» шаруа қожалығында 20 гектар жерге қант қызылшасы себілген, ал «Әлім-Таяр» қожылығында 68 гектарды құрайды. Аталған кезеңде тәтті тамыр екі рет суарылған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қант қызылшасының егіс көлемі 4 мың гектарға дейін ұлғайтылған. Биылғы жылдың күзінде Көксу қант зауытында 100-120 мың тонна қант қызылшасын қайта өңдеу көзделіп отыр. Өнімнің мол болуы үшін шаруаларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Қант қызылшасы алқабының әрбір гектарына субсидиялар бөлінуде. Сапалы  тұқымдар сатып алып, қызмет көрсету-дайындық орталықтары мен шаруаларды қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Тәтті тамырды қажетті зауытқа жеткізу үшін «Жетісу» ӘКК-нің көмегімен «Камаз» маркілі жаңа көліктер сатып алынуда.       

«Бірінші кезекте қантпен Алматы облысын қамтамасыз етіп, қалғанын Алматы қаласының нарығына шығару керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы біз қант қызылшасының егіс көлемін 4 мың гектарға жеткіздік. Келесі жылы бұл алқап 6-7 гектарға кеңейеді. 2020 жылы 10 мыңға жетеді. Бұл ретте шикізат көлемі 350 тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Сол үшін зауыттың құрылтайшылары күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлді, ал келесі жылы ол қайта жөндеуден өтіп, құрылғылар жаңғыртылатын болады. Осының барлығы өнімділік пен кірісті арттыруға мүмкіндік береді»,-деді А.Баталов.   

 

 

 

Барлық жаңалықтар