- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда жылына 57 тонна ұн өндіретін диірмен іске қосылады
Көкшетауда жылына 57 тонна ұн өндіретін диірмен іске қосылады
Облыс әкімі Сергей Кулагин аталған кәсіпорынның құрылыс барысымен танысты. Диірмен кешенінің құрылысы аяқталды десе болады. Кәсіпорында құрғату құрылғысы мен дәнді сақтау қоймасы орнатылған. Кешен ресейлік және түркиялық инновациялық құрылғылармен жабдықталған. Онда дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды бір мезгілде қабылдай алатын теңдессіз қабылдау-өңдеу желісі бар. Элеватордың сыйымдылығы 30 мың тонна, диірменнің қуаты тәулігіне 200 тоннаны құрайды.
Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеген кезде өнім өндіру көлемі жылына 57 тонна ұнды құрайды. Жоспарда майлы дақылдарды қайта өңдеу ісіне жолға қою мен Ақмола облысындағы құс шаруашылығын дамыту үшін қажеті азық дайындау жұмыстары бар. Қазіргі таңда қажетті құрылғы сатып алынып, күзде кәсіпорын өзінің алғашқы дәндерін қабылдай бастайды. Кешен іске қосылғанда 100 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда аталмыш нысанның құрылысына 75 адам тартылған. Жобаның құны 2 млрд теңге және ол биылғы жылдың 20-шілдесіне іске қосылады деп күтілуде.
Облыс әкімі аталмыш кешенмен танысу барысында жобаның өңірдің ауыл шаруашылығы үшін аса қажетті екендігін айтып, аймақта абаттандыру жұмыстарына назар аудару қажеттігін ескертті.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы