- Басты
- Жаңалықтар
- М.Әбішева: Ұлт жоспары қазақстандық қоғамды біріктіретін болады
М.Әбішева: Ұлт жоспары қазақстандық қоғамды біріктіретін болады
«Аталған жоба қазақстандық қоғамды ұжымдастырып, біріктіретін болады. Президенттік реформалардың ауқымдылығы мен кешенділігі оларды шешу үшін күш біріктіруді қажет етеді. Қазақстандық қоғамды біріктіру «Бірыңғай болашақ ұлты» міндетінің аясында жүзеге асырылады»,-деді М.Әбішева ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы кітапханасында өткен 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» семинары барысында.
Оның сөзінше, реформаларды жүзеге асыру үдерісі оқиға өріс алғаннан бастап, оған жасалатын әрбір қадам арқылы іске асады. Әрбір қадам келесі кезекте қолға алынуы ықтимал шарамен байланысты нақтыланады
«Қазақстанда тәуелсіздік жылдарынан бастап, мемлекеттік басқару жүйесі жетілдіріліп келеді, ондағы мақсат елдің ағымдағы және болашақтағы міндеттеріне байланысты мәселелерді шеш алатын кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру болып табылады. Әрі кезеңде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай тудырған мәселелер шешімін тауып отырды. Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша кең ауқымды шаралар жалғасуда, ондағы мақсат кәсіби заманға сай, есепті, ашық аппараты бар мемлекет құру»,-деді ол.
Оның айтуынша, елдің алғашқы қалыптасу жылдарында институционалды құрылыс пен сол сәтте туындаған проблемалар шешілген болса, 1998 жылдары ұзақмерзімге бағытталған мәселелерді жоспарлаудың сәті туды.
«Осындай ұзақмерзімді құжаттардың бірі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуын қарастыратын стратегиясы болды. Қазір біздің алдымызда бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы басымдықтарын жүзеге асыру міндеті тұр. «100 нақты қадам» да осылардың қатарында»,-деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасының Халықаралық және ұлттық бағдарламалар қызметінің жетекшісі.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді