- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ел бюджетіне 629 млрд теңге салық түсті
Алматыда ел бюджетіне 629 млрд теңге салық түсті
Алматыда бірінші жартыжылдықта салықтық түсімнің өсу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106%-ды құрады. Осылайша, мемлекеттік бюджетке түскен салық көлемі - 629,1 млрд. теңге. Алматыдан мемлекетке түскен салық көлемінің үлесі 33%-ға артты.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов салық пен кедендік мемлекеттік органдардың бірыңғай Кірістер департаменті болып қайта құрылғандығы және экономикалық қауіпсіздік пен қызмет мәселелерінің бақылауға алғандығы өз жемісін берді деді.
«Салық түсімінің өсуі қалада бизнес-ахуалдың жақсарғандығын көрсетеді. Екінші жағынан, қала салық түсімінсіз әлеуметтік және даму бағдарламаларын жүзеге асыра алмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған жаңа органның басты мақсаты мен міндеті мемлекеттік кірістерді бір жерде шоғырландыру, сонымен қатар экономиканы көлеңкеден шығару», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы кедендік қызметтің кейбір көрсеткіштерінің төмендеп кеткенін де айтты. Ахметжан Есімов көршіміздегі экономикалық қиын жағдайдың еліміздегі сауда саласына кері әсерін тигізіп отырғандығын, сондықтан ішкі резервтерді іздестіру керектігін ескертті. Әкім Алматының орталығында қаруланған контрабандистерді құрықтауға тура келгендігін де жеткізді.
«Егер олар шекарадан еш кедергісіз өте алса - онда тәртіптің дұрыс болмағандығы. Мемлекеттік кіріс Департаментінің қызметкерлеріне ішкі істер органдарының автокөліктерді видеофикцациялау базасына кіре алатындай мүмкіндік берген жөн. Сонда ғана олар шекарадан өткен автокөлікті бақылайтын болады», - деді Ахметжан Есімов.
Шара соңында мегаполис басшысы бірқатар міндеттерді алға қойды, олар: көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, гастарбайтерлердің еңбегін заңсыз пайдаланғандармен күресу, әкімшілік кедергілерді шектеу, Алматыға қосылған аумақтардағы жұмысты жандандыру.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері