Қазақстанның ДСҰ-ға енуі халық үшін тиімді – сарапшы

8 Шілде, 2015 18:54
Қазақстанның ДСҰ-ға енуі сөзсіз халық үшін тиімді, себебі сапалы өнімнің бәсекелестігін тудырады, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Еуропалық құқық сарапшылық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов.

«Қазақстанның ДСҰ-ға енуі халық үшін өте тиімді. Неге? Себебі қолжетімді баға бойынша сапалы тауардың бәсекелестігі артады. Екінші тараптан аталмыш бәсекелестік бизнес үшін күрделі, олар ДСҰ ұсынатын халықаралық стандартқа сай болуы керек», - деді М.Бәшімов.

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер ыңғайына қарай қамданады.

«Елбасы әлемдік тәжірибеге ыңғайлану керектігі туралы айтады. Қазақстандық брендті алға тартып, бәсекеге қабілетті болуы керек. Қазақстандық бизнесті қаншалықты тарту қажет? Бізге қазақстандық бренд ашу қажет. Сүт өнімдерінен қымыз бен шұбатты алуға болады, бұл дәрумендердің кешені», - деді сарапшы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар