- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да концессионерлердің қатысуымен 11 балабақша салынады
ШҚО-да концессионерлердің қатысуымен 11 балабақша салынады
ШҚО-да мемлекеттік-жеке серіктестік пен өзге де концессиондық жобаларды дайындау аясында Өскемен мен Семей қалаларында балабақшалар салу мен оларды пайдалану бойынша конкурстар аяқталды.
Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мен оқыту нысандарындағы орындарға деген зәрулікті жою мақсатында өңірдің негізгі екі қаласында концессионерлердің қатысуымен 11 балабақша салынады. Облыс орталығында – 6, Семейде - 5 балабақша салынбақ. Аталмыш жобалар 2015-2016 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Концессия мерзімі 20 жыл.
Жақында күндерде конкурс аяқталып, оның жеңімпаздары балабақшаларды салып, оларды 7 жыл бойынша жеке меншік ретінде пайдаланады. Бұдан соң олар 12 жылға мемлекет меншігіне беріледі. Концессионерге уақытша пайдалануға жер беру, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, концессионердің инвестициялық шығындарын 100 пайыз қайтару мен мемлекеттік тапсырыс беру сияқты жеңілдіктер жасалады.
Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскеменде 300 орынға арналған көпсалалы аурухана мен Семейдегі 200 орындық балалар ауруханасының конкурстық құжаттарын дайындауды тапсырды. Аталған құрылыстар да мемлекеттік жеке меншік серіктестігі аясында жүзеге асырылады.
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Қазақстандағы адам саудасы: үш жылда 1100 қылмыс тіркелді -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстандықтар 11 елге бара алады: олардың талаптары қандай -
COVID-19: 11 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай