• Басты
  • Астанадағы ауған жауынгерлері «Біз - Жеңістің ұрпағы» бағдарламасы аясында Беларусьта болып қайтты

Астанадағы ауған жауынгерлері «Біз - Жеңістің ұрпағы» бағдарламасы аясында Беларусьта болып қайтты

8 Шілде, 2015 18:37
Астана қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының қоғамдық бірлестігінің делегациясы Астана қаласының әкімі А.Жақсыбеков бекіткен «Біз-Жеңістің ұрпағы» бағдарламасы аясында батыр қала Минск пен батыр қамал Брестке (Беларусь республикасы) барды.

Қазақстандық интернационалист жауынгер Минскіде Жеңіс ескерткіші мен Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. 

БР Парламентінің депутаты, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Беларусь одағының төрағасы Валерий Гайдукеевичпен кездесуде қазақстандық делегация мүшелері Қазақстан жетістіктері, ҚР Президентінің институционалды реформалары жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ соғыс ардагерлері ерлігінің үлгісінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды

Беларуссия астанасында қазақстандықтар Ұлы Отан Соғысы мұражайын аралады, мұражайда ҰОС жылдарында Беларусь аумағында соғысқа қатысқан қазақстандықтардың суреттері ілінген.  Оның ішінде әскерге Қазақстаннан шақырылған 83 Кеңес Одағының Батыры бар. Сонымен қатар Беларусь жерінде ерлікпен қаза тапқан және Беларусь халқының есінде мәңгі қалған қарапайым қазақ солдаттары - қызыл армиялықтар да бар. 

«Мұражайда мен жерлестерім туралы көп мағлұмат алдым. Мені таң қалдырғаны - РКК қатарына 1930-1940 жылдары шақырылғандар арасында қазақстандықтардың көптеп ұшырасуы. Олар қоршаудан сытылып шығып немесе фашистің тұтқынынан қашып, соғыстың алғашқы айлары Беларусь жеріндегі партизандар жасағының құрамына алынған. КСРО ІІХК әскерінің 88 шекара жасағының шекаращысы ұлты ұйғыр Аким Айсаев Алматы облысының тумасы, ол фашист тұтқынынан қашып шыққаннан кейін партизан жасағының командирі болған. Партизан жасақтарына сондай-ақ Нұрым Садықов, Хамит Ысмағұлов және тағы да басқа қазақтар командир болған. Ерліктері мен батырлықтары үшін олар ордендермен марапатталған », - деп атап өтті қазақстандық делегация басшысы, Астана қаласының «Соғыс ардагерлері мен мүгедектер одағының қоғамдық бірлестігі» АҚ Төрағасының кеңесшісі. «Генералдар қоғамы» РАҚ мүшесі, запастағы генерал-майор  Марат Марденов.

Генералдың пікірінше, біздің отандастарымыз жайындағы мұндай естеліктер еліміз және жалпы Қазақстанымыз үшін мақтаныш туғызады.

Оған қоса, қазақстандық делегация БР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Ерғали Бөлегеновпен кездесті, ол жерлестеріне Мемлекет басшысының ЕАЭО құрылуы мен дамуындағы үлкен рөлін атап өтті.

Сонымен қатар интернационалист жауынгерлер батыр қамал Брестте болды, ол жерде соғыс кезінде 400-дей қазақстандық қаза тапқан болатын.

Барлық жаңалықтар