Көкшетауда 4 тұрғын үйді жөндеуге 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

8 Шілде, 2015 19:38
Биылғы жылы Көкшетау қаласының әкімдігі 4 тұрғын үйді жөндеуге 106,2 млн теңге бөлді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламада 2011 жылы Көкшетаудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы бойынша 60-тан астам тұрғын үйдің жөнделгендігі айтылған. 2011-2012 жылдар аралығында  802,7 млн теңгеге 40 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіліп, оған республикалық бюджеттен 400 млн теңге бөлінген.  

Биылғы жылы қала әкімдігінен 4 тұрғын үйді жөндеуге 106,2 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда барлық нысандарды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр: үйдің шатырының кейбір жерлеріне жөндеу жүргізілсе, есік алдындағы қоршаулардың сырланған жерлері қырып алынып тасталды. Үйдің жертөлесі қоқсықтардан тазартылып, жылыту жүйесінің ақаулары қалпына келтірілді.   

Айта кететін мәселе, қайтарылған қаржыны жинау жұмыстарын белсендендіру барысында кешенді шаралар қолға алынып, олар өздерінің оңды нәтижелерін берді. Бүгінгі таңда жиналған қаржы 35,2 млн теңгені құрап отыр, ал ай сайынғы жиналатын қаржы көлемі 2,5 млн теңгеден асты. Жиналған қаржыға биылғы жылы тағы екі тұрғын үйге жөндеу жүргізу жоспарлануда.  

 

    

Барлық жаңалықтар