- Басты
- Жаңалықтар
- 1-жартыжылдықта 3 мың дәрігер біліктілікті көтеру бойынша емтихан тапсырды – ДСӘДМ
1-жартыжылдықта 3 мың дәрігер біліктілікті көтеру бойынша емтихан тапсырды – ДСӘДМ
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі. Хабарлағандай, бірінші және екінші санатты иелену үшін олар анафилактикалық шок, жіті коронарлық синдром, жүрек кенет тоқтап қалған кезде, жоғары тыныс алу жолдарына (коникотомия) бөтен зат тұрып қалған кезде шұғыл көмек көрсету және базалық жүрек - өкпе жан сақтау шараларын жасау дағдыларын дәлелдеуге тиіс болатын.
Терапевт, хирург, акушер-гинеколог, педиатр, стоматолог және өзге бейінді дәрігерлер жоғары санат алу үшін клиникалық тапсырманы (клиникалық жағдайды) қолдана отырып, зертханалық және аспаптық көрсеткіштерді (рентген-сурет, ЭКГ, УДЗ, зертханалық сараптамалар) түсіндіріп беруге тиіс болатын.
Жіті коронарлық синдром кезінде көмек көрсету дағдыларын тексеру арнайы оқытылған және берілген тапсырмаға сәйкес клиникалық жағдайды көрсететін «стандартты пациенттің» қатысуымен өткізілді.
2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі менеджерлер мен денсаулық сақтау саласының ұйымдастырушыларынан өзге дәрігерлер үшін білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау шарасын енгізу жұмысын жалғастырып жатқанын еске сала кетейік.
Жоғары, бірінші және екінші санаттан үміткерлерді бағалау арнайы оқудан өткен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен өткізілді.
2015 жылдың 1-жартыжылдығында 3882 дәрігер бағалаудан өтіп, олардың 3017-і (79%) емтиханды сәтті тапсырды. Дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау алғаш рет енгізілген 2014 жылдың 2-жартыжылдығында, жалпы сынақтан өткен дәрігерлердің 77% емтиханнан сүрінбей өтті.
Ағымдағы жылғы 3-тоқсанда дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын және білімдерін бағалау 10 және 21 тамыз аралығында жоспарлануда.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты