• Басты
  • Expo Milano көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні атап өтілді (Фото)
8 Шілде, 2015 16:18

Expo Milano көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні атап өтілді (Фото)

Миланда Елорда күні атап өтілді. Мерекеге орай қазақстандық және итальяндық жұлдыздардың, шығармашылық ұжымдар мен би топтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлады ұлттық компания.
Expo Milano көрмесіндегі Қазақстан павильонында Елорда күні атап өтілді (Фото)

«Expo 2015» көрмесіне келген 1000-нан аса адам Ұлттық павильонда Қазақстанның Елорда күнін тойлады. Іс-шараға ҚР-ның Италиядағы елшісі  Адриан Елемесов, «Expo 2015» көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино, Катар, Румыния, Беларусь, Словакия және Ұлыбритания секілді басқа да қатысушы елдердің комиссарлары қатысты.

Мерекелік бағдарламада «Шалқыма» халық би ансамблінің, «Байжан», «Аюми» топтарының, Айзада Қапонова, Азат Мәлік, Айгерім Ерғалиева, Салтанат Байжұманова, Ботакөз Қалиева, Гүлмира Жұмабекова, Оралхан Алтынбеков, Аугусто Амикуччи, Меруерт Мүсірәлі, Маржан Арапбаева секілді халықаралық байқаулар лауреаттарының концерттік нөмірлері көрсетілді.

ҚР-ның Италиядағы елшісі  Адриан Елемесов Елорда күніне арналған мерекелік кешті сәлемдесу сөзімен ашып, іс-шара қатысушыларына Қазақстан елордасы жөнінде және еліміз үшін үлкен маңызға ие алда келе жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі туралы айтып берді.

Қонақтар Қазақстан елордасының заманауи келбеті, тарихы мен даму келешегі туралы баяндайтын роликті тамашалап, 2017 жылы өтейін деп отырған ЭКСПО көрмесіне шақыру алды. «Мені Астана өз сұлулығымен тәнті етті, қаланың 17 жылға жуық қысқа уақыт ішінде тұрғызылғаны таңқалдыраралық дүние. Келешекте Астана ғаламшарымыздағы ең сұлу қалалардың біріне айналарына мен сенімдімін, енді мен ЭКСПО-2017 көрмесіне баруға ниеттімін», - деп өз әсерлерімен бөлісті көрмеге келуші қонақтардың бірі.

Көрермендер қазақтың ұлттық музыка аспабымен етене танысуға мүмкіндік алып, олар Құрманғазының көпшілікке аты белгілі «Адай» күйін тыңдап, кейін итальяндық әуендердің гитара және домбырамен бірге орындалған жаңа әуезіне құлақ құрышын қандырып қайтты.

Мерекеге қатысушылар кешке қазақстандық опера әншілерінің өнерін тамашалады, іс-шара соңында қонақтарға естелік кәдесыйлар тарту етілді.

Барлық жаңалықтар