М.Месальё: IT рөлі – компаниялардың бәсекелестік басымдылығын байқатуда

8 Шілде, 2015 13:14
Бүгінгі таңда IT рөлі компаниялардың бәсекелестік басымдылығын байқатуда, деді Астанадағы ІТ форумында CIO, Gartner зерттеу тобының зерттеулер бойынша директоры Мэри Месалье.

«Бірнеше жыл ішінде ІТ саласы өзгерді. Бастапқыда ол тиімділікті арттырып, компанияға қолдау көрсететін болса, қазір ІТ рөлі компанияларға бәсекелестіктің басымдылығын байқатуында», - деді ол.

Оның айтуынша, ІТ саласында бірқатар тәртіптер бар, компаниялар ол бойынша бәсекелестік таныта алады.

«Бірінші рөлі – ағымдағы жұмысы, жұмыстағы қолдау, индустриялды, тиімді қызмет. Екінші рөлі – сандық құндылықты қалдыру қажет. Мәселен, егер сіздің ұялы телефоныңыз ақылды болса, сізге корпоративтік жүйе ұсына алар еді, жұмыстағы компьютер де солай, бұл орны толтыратын жұмыс», - деді ол.

«Біріншісі – кім қандай шешім қабылдайды. Егер біз компаниялар тобында жұмыс жасайтын болсақ, әрбір қызметкердің рөлін түсіну керек. Екіншісі – стандарттаудың қандай деңгейі бізге қажет екенін ұғыну. Үшіншіден – әр заттың өз орнын білу: оралық кеңсеге не тиеслі, еншілес компанияларда не бар», - деді М.Меселье.

Айта кетерлігі, форум жұмысына 200 маман қатысуда. Шара кәсіптік ІТ алаңға айналуға шақырылды, онда тәжірибе алмасып, пікірлерді тыңдау көзделген.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар