- Басты
- Жаңалықтар
- Құрлық әскерлерінің тәрбиеші офицерлері жеке құраммен жұмыс жасаудағы жаңа көзқарастарды зерделеуде (Фото)
Құрлық әскерлерінің тәрбиеші офицерлері жеке құраммен жұмыс жасаудағы жаңа көзқарастарды зерделеуде (Фото)
Оған әскер және әскер тектері қолбасшыларының, әскери бөлімдердің, жекелеген батальондардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі барлық орынбасарлары мен идеологиялық жұмыс және арнайы үгіт-насихат жөніндегі офицерлер қатысады.
Шілденің 8-і мен 10-ы аралығындағы үш күндік жиын теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Тәрбиеші офицерлердің жұмыс ерекшеліктерін және оны ұйымдастырудағы жаңа көзқарастарды талқылаудан бастап қатысушылар практикалық көрсетуге, яғни, оқ атулар мен жауынгерлік машиналарды жүргізу кезінде тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлардың іс-қимылдарына көшеді. Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты ҚР ҚК-де 22 жыл бұрын құрылғанын атап өткен жөн. Бүгінде қазақстандық армияда 1000-нан астам тәрбиеші офицерлер қызмет атқаруда.
Олар әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, моральдық-адамгершілік жағдайды қалпына келтіру, әскери қызметтің беделі мен имиджін арттыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадыр-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарады. ҚР Қорғаныс министрлігі жеке құрамның Қазақстан халқына, Елбасына және оның сарабдал саясатына деген адалдығын қалыптастыру, құқық бұзушылықты алдын алу, Қарулы Күштердің имиджін арттыру бойынша жұмысқа үлкен назар аударады.
Армияның қорғаныс қабілеттілігін ұстауда тәрбие құрылымдарының рөлін бағалай отырып, еліміздің қорғаныс ведомствасы бірте-бірте тәрбиеші офицерлер институтының жұмысын ұдайы жетілдіреді. Мәселен, жақында ғана батальондардың психологтары лауазымы енгізілді (бұдан бұрын тек қана бригадалардың психологтары болған). Қазір Мемлекеттік басқару академиясында жаңадан тағайындалған батальондардың псхологтарын оқытудың екі курсы өткізілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды