• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ ПА-ның мерейтойлық сессиясына қатысуда

Қазақстандық делегация Хельсинкиде ЕҚЫҰ ПА-ның мерейтойлық сессиясына қатысуда

8 Шілде, 2015 15:02
Хельсинкидегі «Финляндия» сарайында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Хельсинки Қорытынды актісінің 40 жылдығына арналған 24-ші сессиясы ашылды. Шараға 50-ден астам елдің парламенттерінің 300-дей депутаттары қатысуда, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сессияға Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы қатысуда. Делегация құрамында сенаторлар Михаил Бортник пен Дулат Құсдәулетов, Мәжіліс депутаттары Жамбыл Ахметбеков пен Светлана Бычкова бар.

Парламентшілер ЕҚЫҰ аймағындағы жаңа қатерлер мен қауіптерді, оның ішінде Украинадағы шиеленісті талқылады, сондай-ақ ұйым қызметін одан әрі жетілдіру туралы өз ойларын ортаға салды. Мерейтойға байланысты «Хельсинки плюс 40» құжаты қаралды.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Астана декларациясына сәйкес, ортақ қауіпсіздікті нығайту және ЕҚЫҰ кеңістігінде бөліну сызығына жеткізбеудің маңызын атап өтті. Қазақстандық парламентшілер сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы басқа халықаралық ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 1992 жылы дүниеге келген АӨСШК-мен  ынтымақтастықты өрістетуге шақырды.

И.Адырбеков сондай-ақ Саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі 1 жалпы комитеттің отырысына да қатысты.

Сессияның ашылу қарсаңында ЕҚЫҰ ПА Тұрақты комитетінің отырысы болып, онда Италия өкілі Роберто Монтелла ЕҚЫҰ ПА-ның жаңа Бас хатшысы болып тағайындалды.

 

Одан басқа, отырыс барысында алдағы сессияның іс жүзіндегі және рәсімдеу мәселелері талқыланды, үш Жалпы комитеттің құрамы бекітілді, сондай-ақ 2015-2016 жылдарғы бюджет мақұлданды.

 

 

Барлық жаңалықтар