Астанада бірінші халықаралық IT – форум өтіп жатыр

8 Шілде, 2015 11:03
Астанада «Самұрық-Қазына» әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының қолдауымен бірінші халықаралық IT – форум өтіп жатыр. Іс-шара ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы үздік тәжірибелерді зерттеу бағытындағы кәсіби IT-алаң болуы керек. Форумның тақырыбы «Ұйымдарды трансформациялаудың рөлі» деп аталады.

«Форумның мақсаты «Самұрық-Қазына» қорының трансформациялау бағдарламасымен байланысты. Форум барысында біз: Технологиялар компанияға пайда әкелуі үшін IT маман қандай болуы керек?, Бизнес сұраныстарды негізге алғанда компанияның IT архитекттурасы қандай болуы керек?, IT-дегі корпоративті басқару деген не?, сияқты мәселелерді талқылаймыз. Аталған суалдарға нанымды жауап алу үшін біз осы саладағы әлемдік, отандық сарапшыларды шақырдық»,-деді «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының ақпараттық технологиялар блогінің жетекшісі Давид Тұғанов.    

Оның сөзінше, IT басшылардың көшбасшылық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінетін болады. «Егер ол әсіресе, топ-менеджерлермен коммуникациялар барысында IT-дегі өзгерістердің себеп-салдарын нақты айқындап бере алмайтын болса, өкінішке орай бұл компанияда технологиялық серпіліс болады деу қате пікір. Сондықтан да, біз форумда қарайтын ерекше тақырыптардың бірі «Компанияны трансформациялау үшін, өзіңді транформацияла» атты ұран аясындағы көшбасшылық»,-деді ол.     

Айта кетейік, форум жұмысына IT саласындағы 200-ден астам маман қатысады.

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

Барлық жаңалықтар