Қызылордада «Жасыл ел» жастар ұйымы «Менің таза қалам» акциясын өткізді

8 Шілде, 2015 16:52
Қызылорда облысының жастар Одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қалалық оқушылар үйінің саябағында «Менің таза қалам» атты тазалық акциясы өткізілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Акцияда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов сөз алып, жастарды қаламыздың көркеюіне үлес қосуына шақырды. 

Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағының командирі Н.Бексұлтан жастарға үндеу тастады.

«Жасыл ел» еңбек жасағында қазіргі таңда облыс бойынша 300 жас жұмыс жасауда, маусымдық кезеңде бұл көрсеткішті 1000-ға жеткізу жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар