• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жыл басынан бері 53 оператор ірі қара мал алу үшін қаржыландырылды - ҚазАгро

Қазақстанда жыл басынан бері 53 оператор ірі қара мал алу үшін қаржыландырылды - ҚазАгро

8 Шілде, 2015 14:32
2011-2014 жылдар аралығындағы кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында елімізге шетелден асыл тұқымды 40 380 бас (етті 33 824 бас, сүтті 6 556 бас) ІҚМ әкелінді, деп хабарлады ҚазАгро.

Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің желісі бойынша 2011 жылдан бастап елімізге 50,5 мың бас өнімділігі жоғары ірі қара мал әкелініп, 123,9 мың басқа арналған бордақылау алаңдары құрылған.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында холдинг шаруаларды 228,1 мың бас ІҚМ сатып алу мақсатында қаржыландырған.

Одан өзге 2014 жылдан бастап «ҚазАгро» ішкі нарықтан асыл тұқымды мал сатып алуды қаржыландыруда. Бүгінгі күні бұл бағыт бойынша 2,4 мың бас мал сатып алынған.

Барлық жаңалықтар